
2023 жылдың 26 шілде күні 04:11 минут өртке қарсы қызметіне Өзбек көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері келген кезде ақпарат расталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді.
Барлау жүргізу барысында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында кіреберістегі есіктің ағаш конструкциялары жанғаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт жарты сағат ішінде оқшауланып, кейін толығымен жойылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түтін басқан кіреберістен 18 адам, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланды.
Өрттің алдын-ала ауданы 4 шаршы метрді құрады.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!
Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарласыңыздар!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі