Өткен демалыс күндері Абай облысында ер адам суға батып кетті

Өткен демалыс күндері Абай облысында ер адам суға батып кетті

2023 жылғы 22 шілде күні сағат 18:21-де құтқару қызметіне Жарма ауданы Қалбатау ауылынан 18 шақырым жерде "Шар" су қоймасында ер адамның батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Ақпарат жинау барысында 1987 жылы туған ер адам жабдықталмаған орында шомылу кезінде суға батып кеткені анықталды.

Оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

Ағымдағы жылдың 23 шілде күні сағат 15:30-да құтқарушылар, жағадан шамамен 150 метр қашықтықта, ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздеуге барлығы жеке құрамнан 6 адам және 1 жүзу құралы қатысты.

Абай облысы ТЖД облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.

Әр адам келесі ережелерді білуі және сақтауы керек:

- егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;

- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардан ары жүзбеңіз;

- жүзу құралдарын пайдаланып балық аулау кезінде құтқару кеудешелерін міндетті түрде пайдаланыңыз;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- техникалық және ескерту белгілеріне, қалтқыларға көтерілмеңіз;

- суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;

- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефонына хабарласыңыз.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі