Семей қаласында құтқарушылар "Қауіпсіз жаз"костюмді акциясын өткізді

Семей қаласында құтқарушылар "Қауіпсіз жаз"костюмді акциясын өткізді

2023 жылдың 13 шілде күні "Пристань" қалалық жағажайының аумағында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Қауіпсіз жаз" костюмдік акциясын өткізді, онда судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Акция барысында құтқарушылар назар аудару үшін қарақшылардың костюмдерін киіп, үгіт материалдарды таратып демалушыларды қауіпсіз демалуға шақырды.

Осы уақытта Семей қаласының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ересектер мен балаларға суға батып бара жатқан адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларын үйретті. Сценарий бойынша демалушылардың бірі жағадан алыс жүзіп, суға бата бастады. Құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға қайықпен жүзіп, жағаға жеткізді, онда медицина қызметкері реанимациялық шаралар жүргізді.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына жазғы кезеңде судағы қауіпсіздіктің мынадай ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады:

- егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;

- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардан ары жүзбеңіз;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

- суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;

- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

Есіңізде болсын! Су қателерді кешірмейді!

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз!

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі