
2023 жылдың 12 шілде күні сағат он бір шамасында Уәлиханов көшесінде трансформатордың жанып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін трансформаторлық қосалқы станцияда қысқа тұйықталу нәтижесінде 0,2 метр электр сымдары одан әрі таралмай жанғаны анықталды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт себебінен келесі нұсқасы қарастырылады: электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!
Сақ болыңыз! Өрт болған жағдайда "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі