Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды

Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды

2023 жылғы 10 шілде күні сағат 12: 35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жолға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды

Өрт 15 сағат 18 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.

Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ.

Қазіргі уақытта сөндіруді Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей Орманы" МОТР құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар күштер мен құралдар жүзеге асырады

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі