ҚР ТЖМ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

ҚР ТЖМ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет

2022 жылғы 3-4 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай облысына жұмыс сапарымен барады.

Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар, Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), gdo_dchs_abai@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 2 қарашаға дейін қабылданады.

Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.

(«2022 жылғы 4 қарашадағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).