
2022 жылдың 21-ші қазан Абай облысы ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» РММ-нің Семей қаласы Өрт сөндіру бөлімдерінің арасында «Үздік ГТҚҚ-нің буыны» және «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік күзетшісі» жарысы өтті.
Жарыстын мақсаты жеке құрамының шұғыл даярлығын, кәсіби, теориялық, практикалық біліктілігін арттыру үшін және өрт сөндірумен авариалық құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі демалуға жарамсыз ортада тиімді әрекет етуге арналған.
Жарыстын қорытындысы бойынша 1-ші орынды 7-ӨСБ иеленсе 2-ші және 3-ші орындарды 1-МӨСБ мен 2-ӨСБ иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы дайындалған мадақтама қағаздарымен сыйлықтар тарту етілді.
Ұйымдастырылған жарыс Семей қаласы құтқарушыларының әр-түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.