
Жеке құрам арасында психологпен профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Мақсаты - қызметте және тұрмыста құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы және Абай облысы Департаментінің психологі «ӨСБжАҚЖ» РММ жеке құрамы арасында «Маскүнемдік»" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Сондай-ақ, жеке құраммен кездесу барысында «Кредитомания», «Құмар ойындар» және «Есірткі» сияқты бүгінгі таңда өзекті тақырыптар қамтылатын болады.
Психолог профилактикалық әңгімелерді жүргізу өте маңызды екенін айтады.