
Облыстық ТЖД бастығы жеке құрамның қатысуымен азаматтық қорғау зейнеткерлері Нұрлан Дүйсенбаев пен Семейғазы Әлденбаевқа алғыс хаттар табыс етті. Айта кетерлігі, зейнеткерлік демалысқа шықса да, олар қызметін жалғастырып, осы саланың дамуына өз үлестерін қосып келді.
Кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Департамент бастығы оларға ұзақ және адал қызметтері үшін алғыс айтып, зор денсаулық тіледі.