АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН САНАТТАЛҒАН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН САНАТТАЛҒАН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Абай облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары подполковник С.М. Ахметовтың қатысуымен қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің және азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объектілердің өкілдерімен жедел кеңес өткізді. Кеңеске ауылдық және аудандық санатталған объектілердің өкілдері онлайн түрде қатысты.

Жиын барысында Абай облысы ТЖД АҚ басқармасы бастығы подполковник Д.Ө. Ағажаев,  Абай облысы ТЖД АҚ басқармасы аға офицерлері майор Қ.Е. Қуантхан және капитан Д.Н. Аскаров санатталған объектілерде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар, профилактикалық бақылау жүргізу мәселелерін түсіндірді.

Сондай-ақ қатысушыларға АҚ жоспарларын жасау, объектілерде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу бойынша жыл сайынғы есептерді ұсыну бойынша әдістемелік ұсынымдар мен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.