СЕМЕЙДЕ ТҮН ІШІНДЕ ДҮКЕН ӨРТЕНДІ

СЕМЕЙДЕ ТҮН ІШІНДЕ ДҮКЕН ӨРТЕНДІ

20 қазан күні түнгі сағат екіде Дулатов көшесіндегі дүкенде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың жабындылары, тұрмыстық техника, сауда сөрелері, сондай-ақ іргелес қойманың шатыр жабындылары отқа оранған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын 160 шаршы метр аумақта сағат 02:56-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады!

Өрт болған жағдайда "101" немесе "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.