ҚАЛА ӘКІМІ СЕМЕЙЛІК ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ СЕМЕЙЛІК ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

Салтанатты тапсыру Абай облысы ТЖД "ӨСҚжАҚЖ" РММ Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өтті.

Нұрбол Төлегенұлы құтқарушылар үнемі төтенше жағдайларда жұмыс істейтінін және өз өмірлерін қатерге тігетінін, бұл ретте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынын атап өтті.

"Сіздердің жұмыстарыңыз ең жоғары бағаға лайық, өйткені сіздер мыңдаған адамдардың өмірін сақтап, елдің табиғи байлығын әртүрлі қауіп-қауіптерден қорғайсыздар", - деп қосты қала басшысы.

Өз міндеттерін адал орындағаны үшін және "ҚР Құтқарушысы күні" кәсіби мерекесін мерекелеу құрметіне орай ЖБО диспетчері Валерия Андреевна Кремнева, 1-МӨСБ бөлімшесінің командирі Тұрлыбеков Ернұр Бейбітұлы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға инженері Минасипов Дидар Қаскенұлы және жедел кезекші Рахымқанов Еркебұлан Нұрболатұлы құрмет грамоталарымен марапатталды.