СЕМЕЙДЕ ҚР ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

СЕМЕЙДЕ ҚР ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Төтенше жағдайлар министрлігі биыл 27 жылдығын атап өтуде. Статистикаға сәйкес, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн сайын 150-ге жуық адамның өмірін сақтап қалады.

Биыл министрлік жүйесінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылды. Департаменттің штат саны-965 бірлік.

Абай облысы табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайларға бейім. Халықты және аумақты зиянды әсерден қорғауды қамтамасыз ету, ықтимал залалды азайту үшін күн сайын тұрақты дайындықта 26 құтқару бөлімшесі тұрады. Бұл- Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне кіретін өрт сөндіру бөлімдері-бекеттер, құтқару бекеттері.

 

 «Департаменттің жақында құрылғанына қарамастан, ол күрделі және ірі өрттердің, авариялардың, техногендік және табиғи сипаттағы апаттардың алдын алу мен жоюда өзінің тиімділігі мен жеделдігін бірнеше рет дәлелдеді. 3 айдың ішінде Департамент бөлімшелері төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1100-ден астам шұғыл шақыртуға шықты. Оның 160-тан астамы орман және дала өрттері. Департамент құтқарушылары 21 адамға көмек көрсетіп, құтқарды, түрлі ТЖ аймақтарынан 200-ден астам адам эвакуацияланды», - деп айтты  Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов.

 

Салтанатты іс-шарада ведомстволық наградалармен, облыс басшылығының, ТЖД, Полиция департаментінің алғыс хаттарымен ерекше көзге түскен қызметкерлер мен жылдар бойы лайықты қызмет атқаратындар марапатталды.  

 

Сырым Заданов-Абай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

 «Еңбегіміз еленіп жатқанына өте қуаныштымыз. Біздің кәсіби мерекемізде көптеген қызметкерлер Министрліктің наградаларымен, Департамент басшылығы мен облыс әкімдігінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл мамандықты таңдағандардың бәрі мұнда жүректің қалауымен келгеніне мен сенімдімін.  Барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!» 

         Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Сондай-ақ, салтанатты жиында қызметкерлердің қатысуымен бейнероликтер ұсынылды.

        

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ