ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЖЕКЕ СЕКТОР МАҢЫНДА БОЛҒАН ДАЛА ӨРТІН АУЫЗДЫҚТАДЫ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЖЕКЕ СЕКТОР МАҢЫНДА БОЛҒАН ДАЛА ӨРТІН АУЫЗДЫҚТАДЫ

16.10.2022 жылы 18:12-де  "112" кезекшісінің пультіне Пржевальский көшесінде қамыс жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері ақпаратты растады.

Қызыл жалынды сөндіруге Абай облысы ТЖД-нің 12 бірлік техника және 67 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге ЖАО-дан 4 техника мен 4 адам, полиция департаментінен 5 автокөлік және 8 адам тартылды.

Өрттің жеке секторға таралу қаупі болды. Жедел әрекеттің арқасында өрт 19:57-де оқшауланды, ал 20:22-де толығымен жойылды. Өрттің жалпы ауданы 3 Га.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ