АРЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ТЕКСЕРДІ

АРЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ТЕКСЕРДІ

Семей қаласы ТЖБ, ТҮКШ және "Зеленстрой" ЖШС қызметкерлерінен құралған жұмыс комиссиясы Семей қаласының арық жүйелеріне тексеру жүргізді. Дальняя, Красный Кардон, Мирный, Контрольный, Затон, Шығыс аудандары қамтылды. Тексеру барысында 1-ші Омская көшесінің тұрғындарымен арық жүйелерін бітемеу және арыққа іргелес аумақтарда қоқыстарды өртемеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.