ҚҰТҚАРУШЫ – ҚАУІПТІ ДЕ ҚАДІРЛІ МАМАНДЫҚ!

ҚҰТҚАРУШЫ – ҚАУІПТІ ДЕ ҚАДІРЛІ МАМАНДЫҚ!

Азаматтық қорғау қызметкерінің мамандығы ешқашан маңыздылығын жоғалтпаған. Бұл мамандыққа деген қызығушылық әр кезде жоғары сұранысқа ие. ТЖМ бөлімшелеріндегі қызмет оңай емес, бірақ өте құрметті. Құтқарушы - нағыз ер азаматтардың мамандығы деген ұстаным бар, бірақ соңғы кездері нәзік жанды арулар да қалыс қалмауда.

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Қазақстандағы азаматтық қорғау мамандарын даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны. Осы білім ордасы жайлы облыс тұрғындарына ТЖД Өрт сөндіру және Авариялық құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімінің бас маманы Ержан Анапьяновпен жедел кезекшісінің орынбасары Мағжан Базарғалиев 3 қазан күні "Салем, Семей" бағдарламасының тікелей эфирінде айтып берді.

Абай облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" РММ кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау" және т.б. мамандықтары бойынша білім алуға шақыра отырып, кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академияның түлектері еліміздің барлық аймақтарында қызмет атқаруда.