
04.10.2022 жылы сағат 10.29-да "101" кезекші пультіне "Апрель" сауда үйінің жанында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіруші-құтқарушылар шықты. Келгенде 1993 жылғы Volkswagen маркалы автокөліктің ішкі бөлігі, корпусы, мотор бөлімі, оң жақ алдыңғы дөңгелегі жанғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ