
Бородулиха ауданының ТЖ бөлімі "Новая Заря" ШҚ ЖШС базасында ерікті өрт сөндіру құралымын құру бойынша жұмыс жүргізді. Шаруа қожалықта көлемі 1.5 т болатын бір АЦ-40 (53) техникасы бар.
Андреев ауылдық округінің Михайличенково ауылының әкімі және "Новая Заря" ШҚ ЖШС директорымен меморандум жасалды. Осыған сәйкес қажет болған жағдайда Михайличенково ауылына өрт сөндіру қызметкерлері жеткенге дейін алғашқы қызмет көрсетілетін болады. Михайличенково ауылынан 12-ӨСБ-не дейінгі қашықтық 20 км құрайды.