
Дәстүр бойынша 1 қазан Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Қарттар күнін - даналық, мейірімділік және құрмет күні деп білеміз! Аға буынға қамқорлық танытып, көңіл бөлуіміздің керек екенін бәрімізге тағы бір рет түсінуге мүмкіндік беретін мереке.
Халықаралық қарттар күнінде Абай облысы ТЖД бастығы полковник Манарбек Шапағатов, бастықтың орынбасары подполковник Сұлтан Ахметов және ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Лариса Муслимова азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне барды. Аға буын жас өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға берген кеңестері үшін алғыс білдірген Департамент бастығы оларға денсаулық, ұзақ өмір тілеп, сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, қарттар күніне орай Абай облысы ТЖД басшылығы азаматтық қорғау органдарындағы қызметіне өмірін арнап, осы жерден еңбек демалысына шыққан зейнеткерлермен Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің ғимаратында кездесті. Олар еңбек жолында болған қызықты оқиғаларымен бөлісіп, мерекеге орай кездесу ұйымдастырып, көңіл білдірген үшін алғыстарын білдірді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ