
Төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмектің негізгі тәсілдерін білу, халық арасындағы ықтимал шығындарды және материалдық залалды барынша азайту мақсатында азаматтық қорғау саласында оқыту жүргізіледі.
2022 жылдың 20 қыркүйегінде қала әкімі бекіткен “Халықты оқыту жоспарына” сәйкес Абай облысы ТЖД АҚБ қызметкерлері “бастауыш сыныптардың сынып жетекшілері" санатымен арнайы оқыту өткізді.
Оқыту барысында тыңдаушылар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, түрлі төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша дағдыларға ие болды, өрт қауіпсіздігі саласында оқудан өтті, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді.
Алынған дағдылар мен білім болашақта әртүрлі төтенше жағдайларда қолдануға көмектеседі.
Соңында оқудан өткен ұстаздар тест тапсырып, оның қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.
Барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерге толық көлемде орындалды.