АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Абай ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері Қарауыл ауылының орталығында орналасқан №17-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп ауыл мектептерінің оқушыларына «Ашық есік күнін» ұйымдастырып, өрт сөндіру бөліміне экскурсия өткізді. Мектеп оқушыларына «Болашақта кім боламын?» тақырыбында мамандық таңдау бойынша өрт сөндіруші мамандығы туралы және тұрғын үйде, мектеп қабырғасында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соңында өрт сөндіретін арнайы техникалар таныстырылды. Экскурсия барысында М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу бойынша үгіт-насихат материалдары табыс етілді.

Абай ауданының ТЖ бөлімі