
Облыстық ақпарат орталығында шомылу маусымының аяқталуына байланысты брифинг өтті.
Брифингке Абай облысы ТЖД-нің аға офицері Асылан Капаев пен Семей қ. ТЖБ бастығының орынбасары Қымбат Көпбаев қатысты.
Облыс аумағында 2022 жылдың басынан бастап 20 адам суға кетті, оның ішінде 4 бала. Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылу маусымында болады.
Статистика көрсетіп отырғандай, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның өз кінәсінен болады. Шамадан тыс өзіне деген сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, судағы өзін-өзі ұстау ережелерін ескермеу, атап айтқанда тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылудың, алкогольдік масаң күйде болудың нәтижесінде жазатайым оқиға орын алады, деді спикерлер.