АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДАРҒА БАРДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДАРҒА БАРДЫ

21.09.2022 жылы Абай облысы ТЖД бастығы полковник Манарбек Шапағатов жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына барып, 12-ӨСБ жарақтандыруындағы техникамен танысты.

Полковник М.Шапағатов Бородулиха ауданының ТЖБ және 12-ӨСБ қызметкерлерімен кездесу өткізіп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінде туындайтын негізгі проблемалық мәселелер бойынша түсіндірме берді. Айта кетейік, 12-ӨСБ-да 36 адам қызмет етеді. Ал бөлімнің жарты ғасырдан астам тарихы бар.

Бұдан кейін Новошульба ауылындағы №19 өрт сөндіру бекетіне және Шүлбі ауылындағы 6-ӨСБ барды.

Сондай-ақ, 22.09.2022 жылы Манарбек Шапағатов Бесқарағай ауданының 16-ӨСБ болды. Ауданның ТЖБ бастығымен бірлесіп Бесқарағай ауылының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралап шықты.

Сапар соңында Департамент бастығы аталған ұйымдардың басшыларына бірқатар тапсырма берді.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ