ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТІ ТЕК ҚҰТҚАРУ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР КӨМЕК КӨРСЕТУ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТІ ТЕК ҚҰТҚАРУ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР КӨМЕК КӨРСЕТУ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТІ ТЕК ҚҰТҚАРУ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР КӨМЕК КӨРСЕТУ

Үржар ауданы 10-ӨСБ жеке құрамымен "Өрт қауіпсіздігі айлығы" аясында тұрғын үй секторында рейд жүргізілді. Тәуекел тобына жататын тұлғаларға ерекше назар аударылды, олар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер. Рейд барысында қызметкерлер аудан тұрғыны, жалғызбасты апа жылыту маусымына дайындала алмайтынын білді. Үржар ауданы 10-ӨСБ жеке құрамы мұржаны күйеден тазартып, көмір сақталатын орынды ретке келтіріп, қарияға үй шаруасына  көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, қызметкерлердің жұмысы тек өрт пен ТЖ-ды жою ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу болып табылады. "Өрт қауіпсіздігі айлығы" аясында іс-шаралар жалғасуда                                                                 

Үржар ауданының ТЖ бөлімі