ПӘТЕРДЕГІ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН СӨНДІРІЛДІ

ПӘТЕРДЕГІ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН СӨНДІРІЛДІ

29.08.2022 жылы сағат 18:13-те "112" кезекші пультіне "Юность" шағын ауданында 5 қабатты үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.  Оқиға орнына келген өрт сөндіруші-құтқарушылар жатын бөлмеде төсектің жанып жатқанын анықтады.

Қызметкерлер 2 ересек және 4 баланы эвакуациялап, өртті 18:40-та толығымен сөндірді. 27 литрлік газ баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрады.

Жану өнімдерімен улану белгілерімен  жедел жәрдем станциясының қызметкерлері 1940 ж.т. әйелді ауыруханаға жеткізді.

Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану.