АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗА ТАПҚАН ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗА ТАПҚАН ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Бір жыл бұрын Жамбыл облысындағы әскери қоймалардың біріндегі жарылыс ондаған адамның өмірін қиды. Олардың көбі, өздерінің қызметтік міндеттерін орындай отырып, батылдықпен отқа кірген өрт сөндірушілер, құтқарушылар.

Абай облысының ТЖД қызметкерлері қаза тапқан әріптестерін еске алды. Ардагерлер, Семей аймағында қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары және офицерлер Мемлекеттік өртке қарсы қызмет ғимаратының жанындағы мемориалға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.