
Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Соған байланысты Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің автобус жүргізушілерімен "Автокөліктегі қауіпсіздік" акциясын өткізді.
Акция барысында жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін еске салып, профилактикалық әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізілді. Сондай-ақ, буклеттер мен брошюралар таратылды.