
Өткен демалыс күндері Абай облысында адамдардың орманда адасып кетуінің 3 оқиғасы тіркелді.
Бірінші жағдай Бородулиха ауданында жұма күні кешке орын алды. Онда анасы мен қызы орманда адасып кетті. Бородулиха ауданының ТЖБ қызметкерлері жедел кезекшінің пультіне қоңырау түскеннен кейін, оларды бір сағаттан соң тапты.
Ал сенбі, 20 тамызда Шүлбі орманында ер адам жоғалып кетті деген ақпарат түсті. Оқиға орнына "Семей Орманы" қызметкерлері жіберілді. Сондай-ақ, ақпарат "102" арнасына және Бородулиха ауданының ТЖБ жауапты қызметкеріне берілді. 11.30-да орталық орман шаруашылығының орманшылары адасқан адамды тапты.
Сондай-ақ, орманда адам жоғалып кеткені туралы хабарлама 21 тамызда түсті. Анықталғандай, ер адам жеке автокөлікпен Шемонаихадан ауылдық округке шыққан. Ормада адасып кеткен еркек таңғы 5-те табылды.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында барлық жағдайларда адамдар табылып, жақын маңдағы елді мекендерге қанағаттанарлық жағдайда эвакуацияланды.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД ОРМАНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ЕСКЕ САЛАДЫ:
- Жақындарыңыз бен туыстарыңызды алаңдатпау үшін, оларға орманда жүретін бағытыңыз бен қайту уақытын айтып кету қажет.
- Компас, сіріңке, пышақ, су және азық-түлікпен өзіңізді қамтыңыз. Дәрі-дәрмектерді үнемі қолданатындар, оларды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
- Қызыл, қызғылт, сары, ақ күртешелер кигеніңіз дұрыс. Жарық шағылыстырғыш жолақтарды немесе өрнектерді желімдеген абзал.
- Жолда мүмкіндігінше көп заттарды есте сақтауға тырысыңыз: кейбір ерекше ағаштар, жартастар, тастар және т. б.
АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА:
- Тоқтап, қайдан келгеніңізді ойланыңыз, адамдардың дауысы, көліктердің шуы, иттердің үруі естілсе, бұл адамдар шоғырланған жер болуы мүмкін.
- Егер сізді іздеп жатқанын нақты білсеңіз, бір орында қала беріңіз, от жағып, оны түтіндетіңіз. Түтіннен адамды табу оңай.
- Егер жолды өзіңіз іздесеңіз-электр желісіне, темір жолға, өзенге шығуға тырысыңыз. Осы нысандар бойымен жүріп, адамдарға тап боласыз.
- Егер сіз орманда жол тапсаңыз, алдымен жануардың ізі еместігіне көз жеткізіңіз.
- Егер орманда түнеуге тура келсе, қолайлы орынды таңдаңыз. Қараңғыда жол іздеуге болмайды. Ұйықтайтын орынды жоғары және құрғақ үлкен ағаштан таңдаңыз. Арқаңызбен ағашқа жаңтайып, от жағып, оны түні бойы сөндірмеген дұрыс.
- Құтқарушыларға ұялы телефоннан сим-картасыз, тіпті байланыстың "бөтен операторының" аумағында болсаңыз да, қоңырау шалуға болады. Ол үшін "112" нөмірін теріп, орналасқан жеріңізді түсіндіруге тырысыңыз.