Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Отарғалымұлы Еркін Отарғалымұлы
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Общая информация, образование

Отарғалымұлы Еркін 1984 жылы 1 қазанда Абай облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Көкшетау техникалық институтын, 2009 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Білімі – жоғары, мамандығы – өрт қауіпсіздігі инженері. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2006 жылы бастаған. 2025 жылдан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Карьера

Еңбек жолы:

2006 жылы азаматтық қорғау органдарындағы қызметін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік өрт бақылау саласында инженер қызметінен бастаған.

2008–2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде инженер және аға инженер қызметтерін атқарған.

2012–2015 жылдары Астана қаласы Алматы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасында мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері, кейін бас маманы болып қызмет атқарған.

2015–2018 жылдары Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2018–2020 жылдары Астана қаласы Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2020 жылы Төтенше жағдайлар департаментінде басқарма бастығының міндетін уақытша атқарып, кейін Төтенше жағдайлар тәуекелдерін төмендету және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы болған.

2020–2023 жылдары Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2023–2024 жылдары Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2025-2026 жылдары Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2026 жылдың қазаннаң бастап Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы қызметін атқарады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы