ҚР ОСК Төрағасы Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР ОСК Төрағасы Наурыз мейрамымен құттықтады

20 наурызда Орталық сайлау комиссиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті.

«Сіздерді және еліміздің барлық сайлау комиссияларында еңбектеніп жүрген әріптестерімізді көктем мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген», - деп атап өтті ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ол сондай-ақ Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ тіледі!