ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Ереван муниципалдық Кеңесінің сайлауын байқауға қатысты

ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Ереван муниципалдық Кеңесінің  сайлауын байқауға қатысты

ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2023 жылғы 17 қыркүйекте өткен Ереван муниципалдық Кеңесінің сайлауын байқауға қатысты.

2023 жылғы 16 қыркүйекте Сәбила Мұстафина Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындық барысы туралы презентациясымен танысты.

Презентецияда Армения Орталық сайлау комиссиясының басшылығы халықаралық байқаушыларды сайлау науқанының негізгі кезеңдері, барысы, осы сайлаудың дайындығы мен ерекшеліктері, сондай-ақ өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер туралы хабардар етті.

2023 жылғы 17 қыркүйекте - сайлау күні ҚР ОСК мүшесі техникалық құралдар мен биометриялық деректер арқылы дауыс беру барысын, сайлаушыларды сәйкестендіру және тіркеу, сондай-ақ дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығаруды байқау мақсатында Ереванның бірқатар сайлау учаскелеріне барды.