ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы ақпараттық хабарлама

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы ақпараттық хабарлама

2023 жылғы 14 қантарда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы өтеді.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00 - 11.00) https://www.election.gov.kz/upload/photo-pr/2022-12/registartionk.JPG;

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару https://www.election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/diagram_results.php.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.

Қазақстан Республикасы бойынша дауыс беру пункттерінің тізімін қоса береміз.

 

 

 

 

 

 

ҚР ОСК Талдау және

коммуникациялар бөлімі