ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Өзбекстан және Әзірбайжан ОСК төрағаларымен кездесулері өтті

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Өзбекстан және   Әзірбайжан ОСК төрағаларымен кездесулері өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қарсаңында 18 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Өзбекстан ОСК Төрағасы Зийниддин Низамходжаев және Әзірбайжан ОСК Төрағасы Мазахир Панаховпен кездесті.

Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров екі елдің ОСК төрағаларын сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен, атап айтқанда, Президенттікке кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындыларымен, сайлау алдындағы үгіт барысымен, сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің санымен, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындыларымен таныстырды.

Кездесу соңында БАҚ үшін брифинг өткізілді.