
2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты с.ғ.д., профессор В.А.Жексембекова ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында сот жүйесінің анықтығын қамтамасыз етудегі соттардың және БАҚ-тың өзара іс-қимылы жайында дәріс оқыды.
Әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған соттардың алдында электораттық-құқықтық білім берудің Жол картасы аясында өткізілген дәріс барысында сот органдарының қызметін ақпараттық жариялау мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының негізгі қағидалары сияқты мәселелер талұыланды.
