
2022 жылғы 4 қазанда онлайн форматта 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еліміздің барлық өңірлерінің жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлері үшін Орталық сайлау комиссиясының семинар-кеңесі өтті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мен ҚР ОСК аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Кембаева қаржы қызметтерінің қызметкерлеріне алдағы сайлауды дайындауға мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстары түсіндірілді.
Сындарлы диалог барысында қатысушылар бюджетті іске асыру және атқару бойынша сұрақтарға жауап алды.