ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылғы 27 қазан сағ.11.00-де ҮЕҰ Академиясы базасында саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне арналған 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізеді.
Семинарға қатысушыларды аккредиттеу 2022 жылғы 26 қазан сағ.18.00-ге дейін +7 702 755 56 42 Whatsаpp номері және e.rustemov@qogam.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша жүргізілетін болады.
Аккредиттеу кезінде қатысушының Т.А.Ә., сондай-ақ саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның атауын көрсету қажет.
Семинар барысында семинардың аккредиттелген қатысушыларына спикерлерге сұрақтар қою мүмкіндігі берілетін болады.
Семинардың онлайн-көрсетілімі келесі сілтеме бойынша жүргізілетін болады: https://www.youtube.com/channel/UCKl20SCmTpRmQg4CoMpqJfg