Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлис депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін бақылаушылардың тізімі бекітілді

Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлис депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін бақылаушылардың тізімі бекітілді

2020 жылғы 24 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2020 жылғы 9 ақпанда өтетін Әзірбайжан Республикасының Милли Меджлис депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін бақылаушылардың тізімі бекітілді.

Тізімге Қазақстан Республикасынан барлығы 43 бақылаушы енгізілді, оның ішінде: 2 – Әзірбайжан ОСК шақыруы бойынша; 37 – ТМД бақылаушылар Миссиясының құрамында; 2 - сайлауды байқау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының құрамында және ШЫҰ Миссиясы мен ТМЫК-дан құрамында бір-бірден енді.

Жіберілетін кандидатуралардың жалпы санының 29 бақылаушысы Қазақстан өңірлерінен ұсынылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің ақпараты бойынша ТМД ПАА, ЕҚЫҰ ПА, ТүркПА делегацияларының құрамына, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің шақыруы бойынша екі жақты негізде 9 қазақстандық депутат қатысады деп жоспарлануда.