АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда бастамашыл топты тіркеу үшін азаматтар тобы ұсынған құжаттар мен референдумға ұсынылған мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қарау қорытындылары бойынша референдумның бастамашыл тобын құру туралы куәландыратын нақты деректердің болмауына байланысты «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес «Референдумның бастамашыл тобын және ол референдумға ұсынған мәселелерді тіркеуден бас тарту туралы» қаулы қабылдады.