2022 жылғы 7 маусымда ҚР ОРК отырысы өтті

2022 жылғы 7 маусымда ҚР ОРК отырысы өтті

2022 жылғы 7 маусымда Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысы өтіп, келесі қаулы қабылданды:

Алматы қаласы Алатау ауданының №2 дауыс беру учаскесінде 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумның өткізілуін жарамсыз деп тану туралы.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 5-тармағына және Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясы ұсынған материалдардың негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Алматы қаласы Алатау ауданының №2 дауыс беру учаскесінде 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумның өткізілуі жарамсыз деп таныды.