2022 жылғы 3 маусымда Орталық референдум комиссиясының мүшелері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) байқаушыларымен кездесті. Делегация республикалық референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен танысты. ҰҚШҰ ПА атынан халықаралық байқаушылар тобының құрамына ҰҚШҰ мемлекеттерінің – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының парламентарийі кірді.
Сондай-ақ Орталық референдум комиссиясының мүшелері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) байқаушыларымен кездесті. Миссияны Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Гысмат Гозалов басқарды. Халықаралық байқаушылар референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен танысты және халықаралық құқық қағидаттары мен елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өз миссиясын орындайтындарын атап өтті.