Бүгін, 2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредиттеуге Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінен, сондай-ақ Германиядан, Индонезиядан, Ираннан, Солтүстік Македониядан, Эстониядан 14 байқаушы ұсынылды.
Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр күні сағат 18:00-де аяқталды. Республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеді.