2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Г.Щегорцованың Қарағанды облысының Осакаров ауданына жұмыс сапары болады.
Жұмыс сапары шеңберінде Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланып отыр:
1) а.ж. 24 мамырда сағат 09.30-да № 656 учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен кездесу.
Өтетін орны: Есіл а. Мәдениет үйінің ғимараты.
2) а.ж. 24 мамырда сағат 10.30-да «Сайлау комиссияларының мүшелерімен және мүдделі қызмет өкілдерімен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу» мәселесі бойынша семинар.
Өтетін орны: Аудан әкімінің ғимараты, Достық көшесі, 33.
3) а.ж. 24 мамырда сағат 12.30-да Осакаровка кентінің № 651 учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен кездесу.
Өтетін орны: Бөкейханов к-сі, 1 ОМ ғимараты, 68.
4) а.ж. 24 мамырда сағат 13.00-де Осакаровка кентінің № 652 учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен кездесу.
Өтетін орны: Мәдениет үйі ғимараты, Достық көшесі, 43.
5) а.ж. 24 мамырда сағат 13.30-да Осакаровка кентінің № 653 учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен кездесу.
Өтетін орны: № 9 гимназия ғимараты, Достық көшесі, 7.
БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 23 мамырда сағат 19.00-ге дейін +7 701 711 5495, +7 705 588 0172 нөмірлерлері бойынша жүргізіледі.
Баспасөз қызметі
тел. +7 701 711 5495
+7 705 588 0172