ПРЕСС-АНОНС

ПРЕСС-АНОНС

2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Шымкент қаласына жұмыс сапары болады.

Жұмыс сапары шеңберінде Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша  келесі іс-шаралар жоспарланып отыр:

1) ү.ж. 24 мамырда сағат 11.00-де Аумақтық референдум комиссиялары мүшелерімен және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері  жөніндегі семинар-кеңес.

2) ү.ж. 24 мамырда сағат 12.30-да Шымкент қаласының №101 дауыс беру учаскесінде оқыту семинарына қатысу.

 

Өтетін орны: Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

 

 

БАҚ-тарды аккредиттеу ү.ж. 23 мамырда сағат 19.00-ге дейін келесі телефондар бойынша жүргізіледі: +7 7017684217,  +7 7017020175.

 

 

 

Баспасөз қызметі
тел. +7 7017684217
+7 7017020175