ПРЕСС-АНОНС

ПРЕСС-АНОНС

2022 жылғы 17 мамырда сағат 11.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:

1. «Жергілікті атқарушы органдардың дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерін референдум комиссияларына ұсыну бойынша жүргізген жұмысы туралы»;

2. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру және оның қорытындыларын шығару тәртібі туралы»;

3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің санын белгілеу туралы»;

 

БАҚ тіркеу а.ж. 17 мамыр сағат 10.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, 8 (7172) 75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz

 

БАҚ өкілдерін отырыс басталардан 30 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз!

Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы 1 қабат.

 

 

Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69, 75-21-03
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection