ПРЕСС-АНОНС

ПРЕСС-АНОНС

2022 жылғы 6 мамырда сағат 15.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:

1. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы және құжаттарды сақтау тәртібі туралы»;

2. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде ақпараттандыру мәселелері туралы»;

3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы»;

4. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы»;

5. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы»;

6. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету туралы».

 

БАҚ назарына! Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша брифинг өтеді.

 

БАҚ тіркеу а.ж. 6 мамыр сағат 14.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, 8 (7172) 75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz

 

БАҚ өкілдерін отырыс басталардан 30 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз!

 

Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы 1 қабат.

 

Ортсайлаукомның интернет-ресурсында отырыстың онлайн-трансляциясы ұсынылады.



Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection