ПРЕСС-АНОНС

ПРЕСС-АНОНС

2022 жылғы 6 мамырда сағат 11.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:

1. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері»;

2. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы»;

3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізуді ақпараттандыру және жария ету жөніндегі БАҚ аккредиттеу мәселелері туралы»;

4. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу туралы»;

5. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы».

 

БАҚ назарына! Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша брифинг өтеді.

 

БАҚ тіркеу а.ж. 6 мамыр сағат 10.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, 8 (7172) 75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz

 

БАҚ өкілдерін отырыс басталардан 30 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз!

 

Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы 1 қабат.

 

Ортсайлаукомның интернет-ресурсында отырыстын онлайн-трансляциясы ұсынылады.



Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69, 75-21-03
v.zheksembekova@election.gov.kz