Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2022 жылғы 22 сәуірде Алматы облысы бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтеді.

Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады.

Парламент Сенатындағы мандатқа 2 кандидат үміткер болып отыр.

Облыс бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 358 депутаты енгізілген.

Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

- Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда таңдаушыларды тіркеу туралы мәліметтер;

- Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланады - https://t.me/electionelection.