Анонс

Анонс

Ү.ж. 17-18 сәуір аралығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысында болады.

Жұмыс сапары шеңберінде келесі кездесулер жоспарланып отыр:

 

1) ү.ж. 17 сәуірде сағат 12.30-да  Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының № 189 сайлау учаскесіне бару және Жаңатілек ауылдық округі әкімін сайлаудағы дауыс беру барысымен танысу.

Кездесудің өтетін орны: Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жаңатілек ауылдық Мәдениет үйі», С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы.

 

2) ү.ж. 18 сәуірде сағат 10.00-де саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Павлодар қаласы, "Қоғамдық келісім" КММ, мәжіліс залы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1.

 

3) ү.ж. 18 сәуірде сағат 15.00-де Павлодар облысының жастарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Павлодар қаласы, "Қоғамдық келісім" КММ, мәжіліс залы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1.

 

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) телефон арқылы жүргізілетін болады: +7 707 201 51 72; +7 705 405 64 00; +7 (7182) 32 35 51.






Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz