Анонс

Анонс

А.ж. 14-15 сәуір аралығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында болады.

Жұмыс сапары шеңберінде келесі кездесулер жоспарланып отыр:

1) а.ж. 14 сәуірде сағат 16:00-да Семей қаласының Достық ауыл округі Шақаман ауылының тұрғындарымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Семей қаласы Достық ауыл округінің орта мектебінің акт залы.

 

2) а.ж. 14 сәуірде сағат 17:30-да Семей қаласының жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі.

Кездесудің өтетін орны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің акт залы, Семей қ, Тәнірбергенов к., 1.

 

3) а.ж. 15 сәуірде сағат 10:00-де Семей қаласының жұртшылығымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының залы, Семей қ., Қайым Мұхамедханов к., 6.

 

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 13 сәуірде сағат 19:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) + 7 778 340 46 15; +7 (7232) 577- 904 телефондары арқылы жүргізіледі.







Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz