ҚР ОСК халықаралық конференция жұмысына қатысты

ҚР ОСК халықаралық конференция жұмысына қатысты

2022 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бейнеконференцбайланыс (ZOOM) режимінде Моңғолия Бас сайлау комиссиясының 30-жылдығына арналған «Демократиялық сайлау: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция барысында Моңғолияда сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі, құқықтық мәселелер, сайлауды халықаралық байқау, қолданылатын ақпараттық технологиялар, сондай-ақ азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлауға қатысуы қаралды.

Іс-шара жұмысына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Халықаралық сайлау жүйелері қоры сияқты халықаралық институттар мен ұйымдардың, бірқатар шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының, халықаралық және жергілікті ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың сарапшылары қатысты.